Алматы облысында бокстан Амангелді Бектасовты еске алуға арналған тұңғыш турнир басталды
Алматы облысы Қарасай ауданында бокстан еңбек ардагері Амангелді Бектасовты еске алуға арналған бірінші республикалық ашық турнир басталды. Додаға Қазақстанның барлық өңірлері мен Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан боксшылары қатысып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz. Тұңғыш рет өткізіліп жатқан бокс бәсекесі 2010-2011 жылы туған жасөспірім боксшылардың басын қосты. Турнирде жалпы есебі 300-ге жуық спортшы бақ сынауда. Жарыстың ұйымдастырушысы

