Депутат Бапи түрмедегі журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімге кіріп шыққанын хабарлады
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қызылорда түрмесінде отырған журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімге кіріп шыққанын хабарлады. Айтуынша, 20 қарашада кезекті аштығын тоқтатқан. Депутат журналистің жүдеп, денсаулығы сыр бергенін айтады. Думан Мұхаммедкәріммен болған диалогтан мысал келтіреді, деп жазады Азаттық. «Еттің қашуынан екі бүйрегім төмен түсіп кетті. Белім сырқырайды. Асқазаным да ауырады…» дейді Думан. «ДУИС-тегілер бәріне өзі кінәлі, аштыққа

