Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан бой көтерді
Ақтөбе облысы, Қобда ауданына қарасты Бегалы ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Әлеуметтік маңызы бар нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және мемлекетке қайтарылған заңсыз активтердің есебінен салынды, деп хабарлайды «Тілші». Бұл жоба – Президенттің халықты сапалы медицинамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту тапсырмасының нақты нәтижесі. Нысан туралы не белгілі? Жаңа медициналық пункттің

