Қазақстанда аудан әкімдерін сайлау тоқтатылуы мүмкін: Тоқаев жаңа тапсырма берді
Бүгін, 28 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог алаңында сөйлеген сөзінде еліміздегі сайлау жүйесіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Президент аудан әкімдерін тікелей сайлаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін мұқият таразылауды тапсырды. Мемлекет басшысы осыдан бес жыл бұрын, 2020 жылғы Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау бастамасын көтергенін еске салды. Нәтижесінде бүкіл ел бойынша 2334 ауыл

