Трамп Ресейге қосымша санкция енгізуі мүмкін екенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 шілде күні Ақ үйде өткен үкімет жиынында Ресей президенті Владимир Путинге көңілі толмайтынын айтып, Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға ниет білдірмей отырғандықтан, оған қарсы қосымша санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп жазады «Азаттық». Трамп Путинді «бізге небір бос сөзді көп айтты» деп сөкті. Трамп Кремль басшысы онымен қарым-қатынаста өзін «сыпайы»

