«Украина Ресейді АҚШ қаруымен атқылауға рұқсат алды». Америкалық БАҚ Ақ үй шешім қабылдады деді
Президент Джо Байден әкімшілігі Украинаға Ресей аумағын Америка қаруымен атқылауға рұқсат берді. Бұл туралы 17 қараша күні өз дереккөздеріне сілтей отырып The New York Times газеті, Associated Press және Reuters ақпарат агенттіктері хабарлады, деп жазады Азаттық. Ақ үй әлі бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Расталған жағдайда, бұл АҚШ-тың Украинаны қолдау саясатындағы елеулі өзгеріс болмақ.

