1 қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі: қанша теңгеге

Үкімет әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы тиісті қаулыны бекітті, деп хабарлайды «Тілші»  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлғаяды. Оларға қазіргі мөлшердің 6,5% қосылады. Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 2024 жылы жалпы ауру-сырқаттан мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері

Толығырақ

Жеке көлігін сатпақ болып, базарға барған әйелді өлтірген ақтөбелік 22 жылға сотталды

Сотталушының жасы 44-те, жұмыссыз. Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол 55 жастағы әйелді қарақшылықпен өлтіріп, оның көлігін гаражына тығып қойған, деп хабарлайды өз тілшіміз сот залынан. Сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап отыр. Жәбірленуші тарап оған кесілген 22 жылдық түрме жазасын тым аз деп санайды. Жарыссөз кезінде прокурор сотталушыны 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот бұрын

Толығырақ

Биткоин бағасы тағы да рекордтық деңгейге жетті

Сейсенбіде биткоин бағасы сауда деректеріне сәйкес 93 500 доллардан жоғары жаңа рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. Көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance-те биткоин бағасы бір тәулікте 2,82%-ға өсіп, $93 699-ға жеткен, бұл жаңа рекорд болды. 20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоин бағасы 2,84%-ға

Толығырақ

Бірыңғай уақыт белдеуі енді өзгермейді

Бұл туралы үкімет отырысында Сауда министрі Арман Шаққалиев айтты. Үкімет бұл шешімді қолдады. “Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл – ғылым

Толығырақ

Ақтөбе облысында тікұшақ апатына ұшыраған ұшқыштар ауруханадан шықты

Ақтөбе облысында тікұшақ апатына ұшырап, ауыр жарақат алған екі ұшқын ауруханадан шықты, деп хабарлайды «Тілші» Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. Қайғылы жағдай тоғызыншы қараша күні Мәртөк ауданының аумағында болған еді. Қорғаныс министрлігіне тиесілі «Ми-8» тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты. Тағы екі екипаж мүшесі ауыр жарақатпен облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың сүйектері сынған, денелерін

Толығырақ

Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен кетті

Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды», делінген мәлімдемеде. Х.З. Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға

Толығырақ

Азамат Әбілқайыр, тележүргізуші: «Қазір көп сөздің емес, дөп сөздің заманы»

«Сұхбат туралы сұхбат» — «Тілшінің» медиа мен БАҚ жайлы жобасы. Бұл жобада журналистер мен медиа құрылым өкілдері өз кәсібінің қыр-сыры, кәсіби ұстанымы мен қателіктері туралы айтады. Оқиғалар мен қоғамда талқыланып жатқан мәселелерге пікір білдіріп, ой қосады. «Сұхбат туралы сұхбаттың» кезекті кейіпкері тележүргізуші, журналист Азамат Әбілқайыр. — Азамат, ең алғашқы кітабың жарыққа шығыпты. Құтты болсын! Ақыннан

Толығырақ

Ақтөбеде екі оқушы көлікті айдап әкетіп, оны бағанаға соққан

Әлеуметтік желіде таратылған бейнежазбада жеңіл көліктің электр бағанасына соғылып, сымдардан ұшқын шашырағаны көрінеді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген, деп хабарлайды «Тілші» Диапазонға сілтеме жасап. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қараша күні сағат 20:00-де Можайский көшесінде болған. Осы көшеде тұратын «Renault Sandero» көлігінің иесі кілтті қалдырып кетіп, өзі үйіне кірген. Мұны байқаған екі бесінші сынып оқушысы

Толығырақ

Елімізде тұңғыш рет картамен есептесу көрсеткіші қағаз ақшаны басып озды

Былтыр Қазақстанда QR-төлемдер 5,3 трлн теңгеден 11,5 трлн теңгеге дейін өскен. Сөйтіп, төлем жасаудың бұл түрі POS-терминалдан да асып түсті. Десе де, есеп айырысудың жаңа түрлері дамығанына қарамастан,елдегі ақша айналымының 86% қолма қол ақшамен жүзеге асады. Жуырда жыл соңына дейін бүкіл банкке ортақ QR-код пайда болатыны хабарланды. Мәселен, дүкенде QR-код арқылы төлем жасағыңыз келсе, Halyk

Толығырақ

Үкімет Ақтөбеде салынатын ерекше балалар балабақшасын көрсетті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасуда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат. Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен

Толығырақ