«Олимпиада чемпиондары қаншалықты мықты менеджер?»: Туризм және спорт министрі «Жедел желіге» жауап берді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ұлттық арнадағы «Жедел желі» бағдарламасының тілшілері мен көрермен сұрақтарына жауап берді. Бағдарлама тілшісінің сұрағы басшылық қызметтерге тағайындалып жатқан олимпиада чемпиондарының менеджерлік қабілетіне қатысты болды. «Сәпиев (Серік — ред.) Қарағандыға, Артаев (Бақтияр — ред.) Қызылордаға барды. Осы спорт басқармаларына тағайындалатын адамдарға қандай талаптар қойылады? Жалпы, чемпиондар қаншалықты мықты менеджер бола

