Сицилия жағалауындағы апат: алты адам хабарсыз кетті, оның ішінде британдық миллиардер бар

Тамыздың 19-ы күні Сицилия жағалауында Bayesian атты сәнді яхтаның апатқа ұшырауы салдарынан бес адамның мәйіті жағаға шығарылды. Бұл туралы «ВВС-дің орыс қызметі» хабарлады. Табылған барлық мәйіттер суға батқан кеменің ішінен табылған. Италия заңдарына сәйкес, қаза тапқандарды алдымен отбасы мүшелері тануы керек болғандықтан, олардың аты-жөндері әзірге жарияланбай отыр. Оқиғадан кейін алты адам хабарсыз кеткен деп жарияланды.

Толығырақ

«ҚТЖ жүк тасымалы» компаниясымен соттасқан 9 ақтөбелік теміржолшы сотта жеңіске жетті

Теміржол компаниясы кадрларды жұмыстан шығарарда комиссия құрамының сәйкес келмеуін, еңбек шарттарын тиісінше рәсімдемеу, тағы басқа жайттарды алға тартқан, деп хабарлайды «Тілші» Жоғарғы соттың Телеграм-каналына сілтеме жасап. Өз еңбек құқықтарын қорғау үшін теміржолшылар Ақтөбе қалалық сотына жүгінген. Сот талап қоюшылардың барлық қажетті құжаттар және олардың кәсіби қабілеттерін растайтын құжаттар тапсырылғаны анықтады. Оларды жұмыстан босатуға негіздер жоқ

Толығырақ

Тарихта әйелдер бейнесі қалай көрсетіледі? Танымал зерттеуші Ақтөбеде өткен кездесуде осы сауалға жауап іздеді

Танымал зерттеуші Қазақстан тарихындағы әйел рөлі туралы ақпарат берудегі проблемалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды «Тілші» Qalam Global көптұғырлы ғылыми-біліми жобасына сілтеме жасап. Зерттеуші және саясаттанушы Камила Смағұлова қазақ тарихындағы әйелдердің бейнесі әлі күнге жеке-дара тұлға емес, жанама сипаттағы кейіпкер ретінде берілетінін айтады. Оның сөзінше, әйелдер жайлы сөз қозғалғанда, не олардың белгілі бір адамға деген

Толығырақ

Қазақстан-Қытай теміржол тасымалы: 18 млн тоннадан асты

Биылғы жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы теміржол жүк тасымалы 18,3 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6% артық. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтеріне сәйкес: Қытайға экспорт 18,1% өсіп, 8 млн тоннадан асты; Транзиттік тасымал 11,2% артып, 8,5 млн тоннаны құрады; Контейнерлік тасымал 10,5% өсіммен 980 мың

Толығырақ

Илон Маск Шешенстан басшысына Cybertruck көлігін сыйламағанын айтты

Tesla иесі Илон Маск Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа Cybertruck электромобилін сыйлағанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Азаттық. Бұған дейін Қадыров төбесіне пулемет қондырылған Cybertruck көлігімен Грозныйды аралап жүргені бейнеленген видео жариялаған. Шешенстан басшысы Cybertruck-ті “құрметті Илон Масктан алғанын” айтқан. “Өте ыңғайлы көлік. Осындай тамаша көліктер жуырда арнайы операция аймағына (Ресей билігі Украинадағы соғысты осылай атайды) жіберіледі.

Толығырақ

Ресейлік блогерлер Курск облысында Украина күштері соңғы көпірді жойғанын хабарлады

Украина әскері Ресейдің Курск облысында Сейм өзеніндегі үшінші көпірді жойды. Бұл жөнінде ресейлік блогерлер Владимир Романов және Юрий Подоляка хабарлады, деп жазады Азаттық. Курск облысының губернаторы міндетін атқарушы Роман Алехин Подоляканың хабарламасын «мұқият тексерілген» мәлімет деп атады. Енді Ресей әскері өзеннен өту үшін понтон қолданып жатқан болуы мүмкін. Көпірдің жойылғанын дәлелдейтін құжат әзірге шыққан жоқ.

Толығырақ

Хромтауда тұңғыш рет қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті

Хромтауда қоян-қолтық ұрыстан III халықаралық турнир өтті. Шараға Қазақстанның 8 облысы мен Ресейдің 5 қаласынан 250-ден астам жас балуан қатысты. Турнирді жергілікті тұрғын ұйымдастырып, оны «Tugan Qala» жобасы қолдады. – Бұл турнир — «Tugan Qala» жобасының жемісі. Біз тек спортты ғана емес, жергілікті қауымдастықтардың бірлігін де нығайтқымыз келеді. Жоба «Қазхромның» екі қаласында бірнеше жылдан бері

Толығырақ

Қандыағаштық оқушы қыз қол күрісінен әлем чемпионы атанды

Молдавада өткен армрестлинг спорт түрінен жарыста Аяулым Жұмабай әлемді мойындатты, деп хабарлайды «Тілші». Қазақша қол күресі деп танылған спорт түрі — армрестлинг деп аталады. Молдавада жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионатында Аяулым үздік көрінді. Ол бүгінде Қандыағаш қаласындағы №2 орта мектебінде оқиды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қатысып жүр.

Толығырақ

«Ақтөбе» өз алаңында «Қайсармен» тең түсті

OLIMPBET QFL Премьер-лигасы 17-турының орталық кездесуі өтті. Турнирлік кестенің көшбасшысы «Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» қабылдап, есеп 1:1 болып аяқталды, деп хабарлайды «Тілші». Бұл ойын «Ақтөбе» үшін өзінің көшбасшылығын нығайтуға тамаша мүмкіндік еді. Алайда «Қайсар» осы маусымдағы ең күрделі қарсыластардың бірі болды. Ойын қорытындысында екі жақ тең тарқасты. Ақ-қызылдардың қатарына күні кеше қосылған бұрыңғы Панама құрамасының

Толығырақ

Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол апаты үш адамның өмірін жалмады. Қаза болғандардың ішінде мектеп оқушысы бар, деп хабарлайды «Тілші». Қайғылы оқиға 17 тамыз күні Бестамақ ауылының тұсында болды. Ақтөбе облысының полиция департаменті үш адам қаза болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. — 17 тамызда сағат 16:20 шамасында ВАЗ-2115 пен ГАЗель көлігінің қатысуымен жол-көлік

Толығырақ