Өзбекстанда сақалды азаматтарды тағы тексеріп жатыр

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейінгі уақытта Өзбекстанда сақал қойғандарды тексеріп жатыр. Podrobno.uz басылымының мәліметінше, Ташкентте бірнеше ер азаматты сақал қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар Қызметі. Мәліметтерге қарағанда, кейінгі бірнеше күнде Өзбекстандағы әкімшілік соттарда «жеке тұлғаның кім екенін анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бетін тұмшалап қоғамдық орындарға шығуға» қатысты бірнеше іс қаралған. Құқық

Толығырақ

Зеленский: Украина жаңа баллистикалық зымыранды сынады

Украина президенті Владимир Зеленский 27 тамызда баспасөз конференциясын өткізіп, жаңа баллистикалық зымыранды сынау сәтті өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар Қызметі. Украина президенті жаңа зымыранды елдегі ең алғашқысы деп атады. Ол зымыран сынағы туралы мәліметті жариялау-жарияламу жағын көп ойланғанын мойындады. «Ол туралы айтуға ерте деп ойладым. Бірақ тәулік бойы қорғаныс кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтар

Толығырақ

ҚТЖ Локомотив деполарында дизель отынының ұрланғанын анықтады

ҚТЖ көшпелі қаржы комиссиясы 2022 жылы Семей, Аягөз және Өскемен локомотив деполарында дизель отынын жаппай ұрлау фактілерін анықтады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. Материалдар Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының құқық қорғау органдарына берілді. ҚТЖ тарапынан тергеу жүргізуге толық көмек көрсетілді. Семей және Аягөз депосының басшылығына қатысты 2024 жылы айыптау үкімі

Толығырақ

Үкімет журналистерді өзінен тағы алыстатты

Үкімет үйінде журналистерді министрлер кабинеті отырыс өткізетін қабатқа кіргізбейтін болды, деп хабарлайды Азаттық. 27 тамызда үкіметтің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерін төменгі қабаттағы баспасөз орталығына көшіріп, отырыс өтетін залға қарай көтерілуге тыйым салды. Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Диляра Аленованың сөзінше, ол жаққа енді телеоператорлар мен фотографтар да кіре алмайды. Үкімет отырысы үшінші қабаттағы залда өтеді, бұған дейін

Толығырақ

IBM мыңнан астам қызметкерін қысқартып, Қытайдағы зерттеулерін тоқтатады — БАҚ

Америкалық IBM компаниясы Қытайдағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат South China Morning Post-ке сілтеме жасап. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, IBM Қытайдағы China Development Lab және China Systems Lab-ты жауып, Бейжің, Шанхай және Далянь қалаларындағы 1 000-нан астам қызметкерді жұмыстан шығарады. Қытайдағы Jiemian жаңалықтар сайтының сенбі күні хабарлауынша, IBM қызметкерлері демалыс күндері компанияның корпоративтік

Толығырақ

Nvidia акцияларының құны рекордтық деңгейге өсуі мүмкін

Nvidia компаниясының алдағы қаржылық есебі нарықта үлкен толқу тудыруы мүмкін. АҚШ-тағы сарапшылар компания акцияларының құны 300 миллиард долларға дейін өзгеруі мүмкін деп болжап отыр. Бұл туралы «Тілші» Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды. ORATS талдау компаниясының мәліметтері бойынша, трейдерлер Nvidia акцияларының бағасы бейсенбіде, яғни есеп жарияланғаннан кейінгі күні, шамамен 9,8%-ға өзгереді деп күтіп отыр. Бұл соңғы үш

Толығырақ

«Қайтыс болғандар да баспана кезегінде тұрған»: прокуратура Ақтөбе әкімдігіне қадағалау актісін жолдады

Ақтөбеде үй кезегінде қайтыс болған 11 азамат тұрған, деп хабарлайды «Тілші» қадағалау органына сілтеме жасап. Прокурорлар кезектегі тізімдерді түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегенін анықтады. «Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған», — деп хабарлайды облыстық прокуратурадан. Айта кетейік,

Толығырақ

Өндірістік рекордтар, мерейтойлар, өнер жұлдыздарымен дуэт құрған комбинаттықтар: Хромтауда шахтерлер күні тойланды

Кәсіби мереке қарсаңында алғашқы шахтаның 50 жылдығы да аталып, Хромтау кеншілері қос қуанышты қатар қарсы алды. Салтанатты шара дәстүр бойынша қала деңгейінде өтті. Қазхромдықтар бұл кеште эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетті. 300-ден аса үздік қызметкер корпоративтік, салалық марапаттарға ие болып, мереке қарсаңында оларға сыйақы тағайындалды. «Қазхром» қызметкерлері 3,7 млн. тонна кен өндіріп, Шахтерлер күнін

Толығырақ

2026-27 жылдары Ұлттық қордан алатын трансферт 2 трлн теңгеден көп болуы мүмкін – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында салық реформасы бюджет кірісіне оң әсер етпесе, Ұлттық қордың қаражаты ортая беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттық қор параметрлерінің болжамы биыл және келесі жылдағы трансферттерді тарту туралы шешімдерге негізделген. Нәтижесінде Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 53,8 млрд доллар деңгейінде бағаланады. Ал 2027 жылы 74 млрд долларға

Толығырақ

АЭС референдумы туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді

Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған республикалық референдум туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және республикалық референдумды өткізу туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасын ҚР Президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын», — деді министр. Ал, Премьер-министр

Толығырақ