Оңтүстік Кореяда Telegram мессенджеріне қатысты тексеру жүріп жатыр
Оңтүстік Корея полициясы Telegram Corporation’ге қарсы алдын ала тексеру жүріп басталды. Компания порнодипфейктің таралуына мүмкіндік берді деген күдікке ілінген. Бұл туралы «Рёнхап» агенттігі хабарлады деп жазады Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. Ұлттық тергеу бюросының басшысы У Чон Судың хабарлауынша, тексерудің осындай түрі елде алғаш рет жүргізіліп отыр, оның француз билігі жақында қолға алған тексеруіне ұқсастығы бар.

