Самарқандта блогер «ұсақ бұзақылық» үшін 10 тәулікке қамалды

Самарқанд қалалық соты әлеуметтік желілерде белсенді блогер әрі журналист Баходур Хасановты «ұсақ бұзақылыққа» айыптап, он тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы Орталық Азия Жаңалықтар қызметі хабарлайды. Хасановтың туыстарының айтуынша, ол «блогерлік қызметі үшін жазаланды». Милиция болса Хасанов жәбірленуші әйелдің арызы негізінде қамалды дейді. Баходурдың әкесі Зохир Хасанзода сот шешімі адвокатсыз және туыстарының қатысуынсыз өтті

Толығырақ

Орыс түрмелеріндегі шетелдіктерге жазасын өз елінде өтеу ұсынылды

Ресейде сотталған шетелдіктерге жаза мерзімін өз елінде өтеу ұсынылып жатыр. Бұл жөнінде «Важные истории» басылымы құқық қорғаушы Ивана Асташинге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.  Онда Ресейдің Федералдық жазаны атқару қызметі «түрмелердегі кепілге алу бойынша жаңа оқиғалардың алдын алу үшін ойластырып жатқаны» жазылған. Басылым дереккөзінше, Мордовия республикасындағы ИК-17 түрме жетекшілігі жазасын өтеп

Толығырақ

Бір топ белсенді «АЭС керек емес» деген платформа құрды

10 қыркүйекте бір топ экология белсендісі Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, «АЭС керек емес» платформасын құрғанын хабарлады. Белсенділер ол арқылы елде атом электр станциясын салуға қарсы Қазақстан азаматтарының көзқарасын көрсеткісі келеді, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. Сарапшылардың сөзінше, АЭС салынса, жеке компанияға емес, тұтас мемлекетке тәуелді болып қалу қаупі басым. Платформаны экологтар – Қайша Атаханова,

Толығырақ

Қазақстанда «фейк» ақпарат таратқаны үшін блогерлерге айыппұл салына бастады: онлайн платформалар туралы заңның алғашқы нәтижелеріне шолу

Қыркүйек айының басында «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» жаңа заңның күшіне енгеніне бір жыл болды. Ranking.kz редакциясы жаңа ережелердің аясында интернет қолданушылары мен блогерлердің жұмысының алғашқы нәтижелерін талдап, кәсіби қоғамдастықтың заңнамалық новеллаларға деген көзқарасын білді. Естеріңізге салсақ, заңның негізгі жаңалығы — барлық онлайн-платформа пайдаланушыларын жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту. Бұл дегеніміз, әлеуметтік желілер мен

Толығырақ

Apple iPhone 16-ны таныстырады: смартфонның жаңартылған нұсқасы қанша тұрады? Ерекшеліктері қандай?

2024 жылғы қыркүйектің 9-ы, яғни бүгін түнде АҚШ-та Apple компаниясы гаджеттерінің жаңа нұсқасын таныстырады. Оның ішінде iPhone 16 смартфоны бар, де хабарлайды Курсив. Корпорация алғаш рет дәстүрлі шараны дүйсенбіде өткізгелі отыр Айта кету керек, таныстырылым күнін таңдаудың өзі жаңалық болды. Себебі сарапшылардың барлығы жиын қыркүйектің 10-ы өтетініне сенімді еді. Өйткені Apple таныстырылымды ешқашан дүйсенбіде өткізбеген.

Толығырақ

Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 37 млрд доллардан асты

2024 жылдың 1 шілдесіне қарай Өзбекстанның мемлекеттік қарызы алты айда 2,1 млрд долларға көбейіп, 37 млрд доллардан асты. Несие мемлекет бюджетін қолдау мақсатында алынған, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.  Бұл жөнінде Өзбекстанның вице-премьер-министрі – экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров мәлімдеді. Вице-премьер-министрдің сөзінше, қаңтар-маусы айларында Өзбекстан атынан және үкімет кепілімен сыртқы қарыз алу бойынша

Толығырақ

Халықаралық ұйымдар Қырғызстанды «Клооп Медианы» жабу шешімін кері қайтаруға шақырды

6 қыркүйекте сегіз бірдей халықаралық құқық қорғаушы ұйым қырғыз билігін «Клооп Медиа» зерттеушы басылымын жабу жөніндегі шешімді кері қайтаруға шақырды, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. Human Rights Watch (HRW), Amnesty International, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйым, Адам құқықтарын қорғау ұйымы, Хельсинкидеі Норвегия комитеті, Article 19, Адам құқықтары үшін халықаралық федерация және Азаптауға қарсы халықаралық

Толығырақ

Нұркен ЖАЛМҰХАНОВ, «Астана» арнасының операторы: «Жан-жағындағы жайттарға немқұрайлы қарайтын адам журналистикада ұзақ жүре алмайды»

«Сұхбат туралы сұхбат» — «Тілшінің» медиа мен БАҚ жайлы жобасы. Бұл жобада журналистер мен медиа құрылым өкілдері өз кәсібінің қыр-сыры, кәсіби ұстанымы мен қателіктері туралы айтады. Оқиғалар мен қоғамда талқыланып жатқан мәселелерге пікір білдіріп, ой қосады. «Сұхбат туралы сұхбаттың» кезекті кейіпкері  «Астана» арнасының Ақтөбе облысындағы телеоператоры Нұркен Жалмұханов.  — Нұркен, сіз телеоператорлық тәжірбиеңізде жүздеген, тіпті

Толығырақ

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарына ол жақтан кетуді ұсынды

5 қыркүйекте Қазақстанның Украинадағы елшілігі сол елде жүрген Қазақстан азаматтарына жағдай шиеленісуіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында соғыс болып жатқан аумақтан кету жағын қарастыруды ұсынды, деп Орталық Азия Жаңалықтар қызметі хабарлайды.  Елшілік Украинадағы Қазақстан азаматтары Польша немесе Молдоваға жетіп, әрі қарай коммерциялық рейспен елге бара алады деді. «Польша арқылы кету үшін Қазақстан азаматтарына Шенген визасы қажет,

Толығырақ

Жаңа Мәскеуде мигранттар жөнінде мәлімет беретін бот құрылды

Жаңа Мәскеуде жаңадан жасалған боттың есебінен 42 рейд жүргізілген. Бұл жөнінде «Осторожно, новости» телеграм-каналы жазды, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.  Ботты жасау жөніндегі шешім жергілікті шенеуніктер мен полиция өкілдерінің қатысуымен қабылданған. Ботқа жергілікті тұрғындар шағым жаза алады. Рейд нәтижесінде 32 мигрант депортацияланған. Өткен тамыз айында Владимир елді-мекенінде мигранттар жөнінде мәлімет беретін бот ашылған. Оны

Толығырақ