Coca-Cola Қазақстанда үшінші зауытын ашты

Coca-Cola İçecek (CCI) компаниясы Шымкентте жаңа зауытын іске қосты. Бұл — Қазақстандағы үшінші зауыты, алдыңғы екеуі Астана мен Берекеде орналасқан. Бұл туралы Форбс хабарлайды.  Жаңа кәсіпорынға 27 млрд теңге инвестиция салынды. Зауыт «Жұлдыз» өнеркәсіптік аймағында 16 гектар жерді алып жатыр. Онда екі өндірістік желі бар және шамамен 150 адам жұмыс істей алады. CCI 1994 жылдан

Толығырақ

HRW Германия канцлері Шольцті Орталық Азияға сапарында адам құқығы мәселесін көтеруге шақырды

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) ұйымы Германия канцлері Олаф Шольцты Орталық Азияға сапары кезінде аймақтағы адам құқығы мәселесін көтеруге шақырды, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. Шольцтың Орталық Азияға үш күндік сапары 15 қыркүйекте Өзбекстанда басталады. Одан кейін ол 16-17 қыркүйекте Қазақстанда өтетін «Орталық Азия+Германия» саммитке қатысады. Бұл жиында Орталық Азиядағы бес елдің басшылары болмақ.

Толығырақ

ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

Даниялық Bavarian Nordic A/S компаниясының MVA-BN вакцинасы алдын ала біліктіліктен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцина болды. Бұл туралы ДДҰ-на сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды. – Bavarian Nordic A/S өндірушісінің MVA-BN вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) алдын ала біліктілігінен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы дәрі болды, — делінген хабарламада. MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға

Толығырақ

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА — азаматтық қоғам, мемлекеттік идеология, гендер және референдум жөнінде

Жұлдыз Сүлейменовамен әңгімеміз Ақтөбедегі студиямызда жалғасты. Мәжіліс депутаты балалардың әлеуметтік желілерді қолдануы, БАҚ-тағы мемлекеттік тапсырыстығын ашықтығы, мемлекеттік идеологияның қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде айтып берді. Сонымен бірге, Ақтөбе облысының шалғай ауылдарға сапары, әлеуметтік желіде аудиториямен кері байланысы, әйелдердің белсенділігі, азаматтық қоғам және әлеуметтік зерттеулер туралы әңгімеледі. Tilshi Podcast — ақтөбелік контентмейкерлер Данияр Сағидолла мен Асқар Ақтілеудің

Толығырақ

Жолдас Батырхан — білім жүйесі мен бала құқықтары, деструктивті ағымдар, облыс идеологиясы жөнінде

Кезекті қонағымыз — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас БАТЫРХАН. Облыс әкімінің идеологияға жауапты орынбасары Tilshi Podcast алаңында Астанадағы қызметі, Ақтөбе өңіріндегі білім жүйесі мен балалардың құқықтары, деструктивті діни ағымдар мен облыстың идеология бағытында жасалып жатқан жұмыстары жөнінде әңгімеледі. Tilshi Podcast — ақтөбелік контентмейкерлер Данияр Сағидолла мен Асқар Ақтілеудің жобасы. Мұнда, негізінен, азаматтық қоғам, медиа, әлеумет,

Толығырақ

Дональд Трамп Камала Харриспен жаңа дебат өткізбейтінін мәлімдеді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзінің бәсекелесі, Демократиялық партиядан үміткер Камала Харриспен енді сайлауалды пікірталасқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. «Үшінші пікірталас болмайды!» — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде бас әріппен. Трамп маусым айында Джо Байденге қарсы бірінші дебатын өткізді, ол АҚШ президенті үшін сәтсіз болды. Осы аптада Филадельфияда Трамптың

Толығырақ

Гүлсаян Ыбырай — маркетингтегі тенденция, инфобизнестегі жауапсыздық, журналистикаға сағынышы жайлы

Маркетолог, журналист Гүлсаян ЫБЫРАЙ Tilshi Podcast алаңында ақпараттық бизнестегі трендтер мен тенденция, SMM мен мобилографиядағы жауапкершілік, интервью алудың қыр-сыры мен журналистикаға сағынышы жайлы әңгімеледі. Tilshi Podcast — ақтөбелік контентмейкерлер Данияр Сағидолла мен Асқар Ақтілеудің жобасы. Мұнда, негізінен, азаматтық қоғам, медиа, әлеумет, билік және бизнес тақырыптары қозғалады. Аудио форматтағы подкастарымызды Apple Podcast, Google Podcast және Yandex

Толығырақ

Путин: Батыс елдерінің тікелей қатысуы Украинадағы қақтығыстың мәнін өзгертеді

Киевке Ресей аумағына алысқа жететін қарумен шабуыл жасауға рұқсат беру НАТО елдері мен Еуропа мемлекеттері Украинадағы қақтығысқа тікелей қатысты дегенді білдіреді деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин 12 қыркүйекте. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.  Путиннің сөзінше, НАТО елдері қазір жай ғана Киевтің Батыс қаруын қолдануы мүмкін екенін талқылап жатқан жоқ, олар қақтығысқа тікелей қатысу я қатыспау

Толығырақ

Журналист Әділбеков телеграмдағы жазбасы үшін 8 жылға сотталуы мүмкін

Журналист Данияр Әділбеков әлеуметтік желілерге жариялаған жазбаларының бірінде Қазақстан энергетика министрлігіндегі жемқорлық туралы баяндап, министрдің орынбасары ЕРлан Ақкенжеевті атап өткен. Шенеунік полицияға арызданған, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. Данияр Әділбеков биыл наурыз айында ұсталды. Жуналисті қамауға алу әрекеті терроризммен күрес операциясына көбірек ұқсайды: оның көлігін тоқтатқан 14 адамның арасында арнайы жасақтың қарулы сарбаздары да

Толығырақ

АҚШ Украинаға 700 млн доллардан астам қаражат бөледі

АҚШ Украинаға энергосистеманы қалпына келтіру, гуманитарлық қолдау және миналарды тазалау үшін 700 млн доллардан астам қаражат бөледі. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевтегі баспасөз жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. Оның сөзінше, Украинаның энергетика жүйесін қалпына келтіруге 325 миллион доллар бөлінеді, бұл мәселе G7+ тобының өкілдерінің кездесуінде де талқылынады. Тағы 290

Толығырақ