9 млн-ға бағалаған — ақтөбелік азамат өзінің ішкі ағзасын сатпақ болған
Ақтөбе прокуратурасы әлеуметтік желіге талдау жүргізіп, өз ағзасын сатпақ болған адамды анықтады. Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Е. есімді азамат әлеуметтік желіге өзінің ішкі ағзасын сататынын жазып, хабарлама қалдырған. Кейін прокуратура қызметкерлері сол хабарлама иесін іздеп, тапты. — 2024 жылдың 25 қыркүйегінде

