Зеленский АҚШ-қа барды. Ол БҰҰ-да сөз сөйлеп, Байденмен кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркке барды. Осы аптада ол БҰҰ Бас ассамблеясы отырысында сөз сөйлемек. 26 қыркүйекте Ақ үйде АҚШ президенті Джо Байденмен кездеседі, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. Бұдан бөлек, АҚШ президенттігіне кандидаттар – Камала Харриспен және Дональд Трамппен жолықпақ. Зеленский АҚШ конгресі жетекшілігімен, бірнеше ел мен халықаралық ұйым басшыларымен кездеседі деп жоспарланған.

