Үшінші рет мас күйінде ұсталған ақтөбелік жүргізуші 5 жылға сотталуы мүмкін
Ақтөбеде полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған Toyota Sienna көлігін тоқтатты. Тексеру барысында 32 жастағы жүргізушінің есірткіге еліткені және оның бұған дейін де бірнеше рет сотталғаны анықталды, деп хабарлайды «Тілші». Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын жүргізушінің оғаш қылығы мен сыртқы келбеті аударған. Күдік расталып, медициналық сараптама оның есірткі заттарының әсерінде болғанын көрсетті. Тергеу барысында ұсталған азаматтың

