Вице-премьер Қанат Бозымбаев министрлік пен Ақтөбе облысы әкімдігіне ауыр жол апатынан зардап шеккендерге көмектесуді тапсырды
Ауыр жол апатынан кейін Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен арнайы Үкіметтік комиссия отырысы өтті. Комиссия Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 23 қазанда болған қайғылы оқиғаның себебін анықтаумен айналысып жатыр, деп хабарлайды «Тілші». Жиын барысында өңірдің қазіргі жағдайы туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, Еңбек және

