Қазақстанның ірі кәсіпкерлері футбол клубтарын сатып алуға қызығушылық танытты
Қазақстанның бірқатар танымал кәсіпкерлері — Тимур Турлов, Михаил Ломтадзе және Сергей Кан — отандық футбол клубтарын сатып алуға және инфрақұрылымға инвестиция салуға ниетті. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің сауалына берген жауабында мәлімдеді. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан футбол федерациясы футбол клубтарын коммерцияландыру бойынша әлеуетті

