«Өткенді оқуға тыйым»: Ресей архивтері қуғын-сүргін құрбандарының істерін қарау мүмкіндігін шектеді
Ресейдің мемлекеттік архивтері ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарының істерімен танысқысы келген зерттеушілердің өтініштерін жиі кері қайтара бастады, деп хабарлайды «Тілші» «Коммерсантъ» басылымына сілтеп. Не болып жатыр? Свердлов облысының мемлекеттік архивінде көп жылдан бері құжатпен жұмыс істеп жүрген зерттеуші Олег Новоселов қыркүйек соңында бұрын еркін беріліп келген істердің тоқтатылғанын айтады: – «Бұл қалай? Неге?» деп сұрағаныма архив

