Маралды тұрғындары алтын фабрикасын салуға тағы қарсылық білдірді
8 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының жүз шақты азаматы ауыл іргесінде салынып жатқан алтын өндіретін фабрика аумағына барып, құрылысты тоқтатуды талап етті. Облыс әкімдігі ауыл тұрғындарының әрекетін «рұқсатсыз жиын өткізу» деп бағалап, «арнайы органдар құқықтық бағасын береді» деп хабарлады. Азаттық сөйлескен ауыл адамдары «облыс әкімін бірнеше күн бұрын диалогқа шақырғанбыз, бірақ келмеді»

