Елордада «Орталық Азия-Қытай» медиафорумы өтіп жатыр
Форум Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ақпараттық және медиа саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдан медиа мамандар, журналистер мен сарапшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды TilshiNews. Мұнда медиа саласындағы инновациялар, цифрлық платформалардың дамуы және ақпарат алмасу мәселелері талқылануда. Форум ақпараттық кеңістіктегі өзара іс-қимылды күшейтуге және аймақтық медиаөнімдерді бірлесіп жасауға
