Франция Палестинаны мемлекет ретінде мойындайды
Франция қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында Палестина мемлекетін мойындайды. Бұл жөнінде бейсенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, деп жазады Азаттық. Ол X желісінде Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббасқа жазған хатының көшірмесін жариялады. Хатта мұндай шешім Таяу Шығыстағы қақтығысты бейбіт түрде реттеуге көмектесетіні жазылған. Франция осылайша палестиналықтардың мемлекеттілікке құқығын қана емес, Палестина мемлекетін заң жүзінде

