Қазақстандықтардың зейнетақы жинағынан салық алынбайды: жаңа ереже 2026 жылдан бастап күшіне енеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар өздерінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын алған кезде жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталмайды. Бұл туралы БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Нақты не өзгереді? Жаңа ережеге сәйкес, енді зейнетақы қорынан барлық түрдегі төлемдерге, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдеріне де салық салынбайды. Тек Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары ғана салық

