ҰҚК халықаралық терроризмге қатысы бар күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері халықаралық террористік ұйымға қатысы бар қазақстандықты елге қайтарды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған. Қазір күдіктіге Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористік топ құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Соттың шешімімен ол қамауға алынды. Тергеу аясында қажетті процессуалдық шаралар атқарылып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің

