Болат Өтемұратов ForteBank-тегі үлесін арттырды
Ол банк акцияларын сатып алуға 10,9 млрд теңге жұмсаған. ForteBank-тің негізгі акционері Болат Өтемұратов банктегі өз үлесін 90,92%-ға дейін арттырды. Бұл туралы «Іскер Тілші» Kapital.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Осылайша, бизнесменнің банк капиталындағы үлесі 1,91%-ға өсті. Бұған дейін, 1 сәуірде оған ForteBank-тің қарапайым акцияларының 89,01%-ы тиесілі болатын. Қазір оның иелігінде банктің 91,1% жай акциясы бар.

