Ақтөбелік жастар бір-бірімен жарысып, 10 тонна қоқыс жинады
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен «Jasyl Cross 2025» марафоны биыл да ерекше серпінмен өтті. Қаладағы «Махаббат тауы» демалыс орнында жүздеген жас бір күнде 500-ге жуық қап немесе 10 тонна қоқыс жинады, деп хабарлайды «Тілші» облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп. Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастарды туған жерді таза ұстауға шақыруды мақсат еткен шараға 220 «Жасыл ел»

