Қазақстандық инновациялық Kaspi.kz компаниясы Түркия нарығына шығады
Kaspi.kz жетекші түрік маркетплейсі Hepsiburada-ны сатып алатынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz. Kaspi.kz компанияның негізін қалаушы және бақылаушы акционері Ханзаде Доғанмен, сондай-ақ Вуслат Доған Сабанджи, Бегюм Доған Фаралиали, Арзухан Доған Ялчындаг және Ишил Доғанмен Hepsiburada акцияларының шамамен 65% сатып алу туралы келісімге қол қойды. Hepsiburada-ның негізін 2000 жылы Ханзаде Доған қалаған және ұзақ уақыттан бері Түркиядағы

