Бүгіннен бастап некеге мәжбүрлегендер түрмеге қамалады
16 қыркүйектен бастап елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетін жаңа өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды «Тілші» Polisia.kz-ке сілтеп. Заңнамадағы маңызды жаңашылдықтардың бірі – Қылмыстық кодекске «Некеге мәжбүрлеу» атты жаңа 125-1-баптың енгізілуі. Енді бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық болып саналып, әртүрлі жаза түрлері қолданылады. Қылмыстың ауырлығына қарай жаза 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап екі

