Енді пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлейтін болады
Елімізде енді пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеуге міндеттеледі, деп хабарлады informburo.kz. Яғни вагонға өзімен алып кіретін сөмкенің салмағы мен көлеміне шектеу қойылды. Жүкті жолсеріктер өлшейді. Бұл жаңашылдық әзірге арнайы жүк салғыш орындары бар пойыздарда енгізілген. Бірақ тұрғындар ауыр заттарымызды ұшақ, не такси арқылы тасу онсыз да қымбатқа түседі деп отыр.

