400 млн теңге желге ұшты: Ақтөбеде ауылға тартылған ауыз су құбыры жарамсыз болып шықты
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Жарма ауылында ауыз суға бөлінген қомақты қаржы зая кетті. Су құбырына жобалық-сметалық құжат жасауға – 213 млн теңге, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 188 млн теңге жұмсалған. Алайда екі жыл өтпей-ақ ұңғыма суы ішуге жарамсыз болып, қазір тек мал суаруға ғана қолданылады, деп хабарлайды «Тілші». ҚазАқпарат мәліметінше, 2020 жылы сол кездегі облыс әкімі

