Ақтөбеде мектеп автобустарының қауіпсіздігі тексерілді
Ақтөбеде жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп автобустарының қауіпсіздігі тексерілді, деп хабарлайды «Тілші» Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Барлығы 57 автобус қаралды. Мамандар әрбір көлік құралының техникалық жай-күйін, техникалық байқаудан өткені туралы мәліметтерді, өрт сөндіргіш, алғашқы көмек қобдишасы мен апаттық тоқтату белгісінің болуын тексерді. Сонымен қатар, жүргізушілердің құжаттары, санаттары және жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейіне назар аударылды. Оларға

