Путин Трамптан Қырымды «Ресей жері» деп тануды талап еткен
Reuters агенттігінің дерегінше, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен келіссөздер барысында Украинадағы атысты тоқтату жөніндегі ықтимал келісім аясында аннексияланған Қырымды «Ресей аумағы» деп ресми мойындауды талап еткен. Бұл туралы «Тілші» Азаттыққа сілтеп хабарлайды. Бұл талап тек АҚШ-қа қатысты ма, әлде Батыс елдері мен Украинаның да мойындауын қамти ма – әзірге белгісіз. Дереккөздерге сүйенген

