Илон Масктың Starlink интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
13 тамыздан бастап Қазақстан тұрғындарына Starlink компаниясының спутниктік интернеті ресми түрде қолжетімді болды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. «2025 жылдың 13 тамызынан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметін ресми түрде ұсынады. Осы арқылы еліміздің кез келген өңіріндегі тұрғындар төмен орбиталы спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді

