Туризм мен қоян-қолтық ұрыс: Хромтауда жаздың соңғы айы осылай өтті
Жаздың соңғы айы Хромтауда ерекше серпінмен өтті. Тамызда қалада екі ірі шара ұйымдастырылды – спорттық туризмнен ашық біріншілік және қоян-қолтық ұрыстан турнир. Екі шара да «Tugan Qala» жобасы аясында ERG компаниясының қолдауымен жүзеге асты. Туризм біріншілігі Жастар арасында белсенді өмір салтын насихаттауға арналған ашық біріншілікке «Қазхромның» филиалдарынан алты команда қатысты. Олардың қатарында Ақсу және Ақтөбе

