Баянбек Қырықбаев Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының әкімі қызметіне тағайындалды
Астана ауданы әкімінің қызметіне Баянбек Қырықбаев тағайындалды. Бұған дейін ол Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне басшылық етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қалалық мәслихаты Астана ауданы әкімі қызметіне ұсынылған Баянбек Қырықбаевтың кандидатурасын мақұлдады. Жоғары білімді маман Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін кадастр біліктілігі бойынша аяқтаған. — Еңбек жолын мұғалім болып бастаған.

