Әйкерім Нұрлан, NEKKAR кофеханасының иесі: «Біздің бағытта ең қиыны — бариста табу»
Жас кәсіпкер Әйкерім Нұрлан — Nekkar кофеханасының иесі. Ол дайын кәсіпті сатып алғанымен кофехана ісін дөңгелетіп әкетті. Дегенмен алғашқы айларда қаржылай қиындықтар болғанын да жасырмайды. Өз еңбегімен аяққа тұрған кәсіпкер Isker Tilshi-ге сұқбат берді. Әйкерім Нұрлан — музыкалық колледждің түлегі. Мәскеуге оқуға түсіп, скрипка пәнінен сабақ берген. Nekkar кофеханасын сатып алғаннан кейін кәсіптің басы-қасында болып,

