Хромтауда он шақырымдық жүгіру фестивалі өтті
Кенді өлкеде бесінші мәрте ERG Run Fest жүгіру фестивалі өтті. Спорт сүйер қауым үшін ұйымдастырылатын бұл фестивальге биыл 800-ден аса адам қатысты. Ақтөбе облысында өткен жүгіру жарысына басқа да облыстар мен мемлекеттен келген желаяқтар жиналды. Биылғы жарыстың бір ерекшелігі ERG Run Fest 2024 фестивалі «Батыр жолы» деген ұранмен өтті. Шынығу, шыңдалу шын мықтының қолынан келеді.

