Шалқарлық тұрғын өз ауласында марихуана өсірген
Ұсталған сәтте 47 жастағы тұрғынның өзі есірткілік мас күйде болған, деп хабарлайды «Тілші» polisia.kz сайтына сілтеп. «Қарасора — 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен полиция қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз өсіру фактісін анықтады. Шалқар ауданының 47 жастағы тұрғынының үйінде санкцияланған тінту жүргізу кезінде, шаруашылық құрылыс нысандарының бірінен (шатырсыз сарайда) топыраққа отырғызылған 32 бұта табылды.

