Қарғалы ауданында тұрғын интернет-алаяқтардың құрбаны болды
Қарғалы ауданында ер адам жеңіл жолмен табыс тапқысы келіп, интернет-алаяқтардың арбауына түсті. Telegram мессенджерінде ол TikTok әлеуметтік желісіндегі видеоларды көріп, лайк басып, әр скриншот үшін 300-ден 800 теңгеге дейін табыс табуға болады деген жарнаманы байқап қалған. Жылдам табысқа сенген азамат «әкімші» нұсқауына еріп, арнайы сайтқа тіркеліп, онда тапсырмалар орындап, фильмдер сатып алуы тиіс болған. Алаяқтар

