Енді ChatGPT дайын жауапты беріп қана қоймай, білімді меңгеруге көмектесе алады

OpenAI компаниясы ChatGPT-де жаңа «оқыту режимін» (study mode) іске қосты. Бұл функция жасанды интеллектіні шынайы оқу құралына айналдыруды көздейді: енді ЖИ дайын жауапты бермей, материалды өз бетінше түсінуге көмектеседі. «Оқыту режимі» деген не? ChatGPT-дің оқыту режимінде пайдаланушы тақырыпты тереңірек меңгереді, себебі ЖИ дұрыс жауабын бірден айтпайды, сұрақтар, кеңестер және нақтылаулар арқылы бағыт-бағдар береді. Бұл процесте

Толығырақ

Эльдар Сарсенов Нұрбанктегі үлесін азайтты

Эльдар Сарсенов Нұрбанктегі үлесін 76,6%-ға дейін қысқартты. Бұл туралы 2025 жылдың 1 шілдесіндегі акционерлер реестрінің мәліметтері көрсетіп отыр, деп жазады Kapital.kz. Егер 1 сәуірде оған ТОО «JP FINANCE GROUP» арқылы банктің 86,42% акциясы тиесілі болса, 1 шілдеге қарай бұл көрсеткіш 76,6%-ға дейін төмендеген. Сонымен қатар, банк акционерлері қатарында жаңа тұлға – Blanusa Marko пайда болды.

Толығырақ

Ақтөбеде жұмысшылар сот арқылы миллион теңгеге жуық жалақыларын өндіріп алды

Ақтөбеде бірнеше азамат жалақысын ала алмай, сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Төленбеген еңбекақы – 828 000, 410 000 және 616 000 теңге. Сот анықтағандай, жұмысшылар өткен жылдың маусым, шілде және тамыз айларында «Д» ЖШС-не ресми түрде еңбек шартымен жұмысқа орналасқан. Алайда жұмыстан кеткен соң, компания бір тиын да төлемеген. Тіпті, директор қол қойып, мөр басып, «қыркүйектің

Толығырақ

Сот «The Village Қазақстан» сайтына қарсы талапты қанағаттандырмады.

Алматы қаласындағы Медеу аудандық соты азамат Еділ Арғынның «The Village Қазақстан» онлайн-басылымына қарсы арызын қарастырып, талапты қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы «Тілші» Құқықтық медиа орталығының Media Qoldau қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Талапкер жарияланған материалдың шындыққа жанаспайтынын, ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін алға тартып, мәліметтерді теріске шығаруды, редакциядан ресми кешірім сұратуды және моральдық өтемақы төлеуді

Толығырақ

Қарғалы ауруханасындағы жағдайға байланысты Денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізетінін мәлімдеді

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы Қарғалы қалалық ауруханасындағы жағдайға қатысты ресми пікір білдірді. Ведомство әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты назарға алғанын айтып, бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады, деп жазады «Тілші». Басқарманың айтуынша, жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылып, кешенді тексеру жүргізіледі. Тексеру қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданбақ. Tilshinews.kz редакциясы Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау

Толығырақ

Ақтөбеде білім науқаны басталды: жаңа оқу жылында 19 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

2025-2026 оқу жылында Ақтөбеде 19 270 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін 15 мыңнан астам баланың құжаты қабылданған. Бірінші сыныпқа қабылдау тамыздың соңына дейін жалғасады. Жаңа оқу жылына дайындық аясында оқулықтар сатып алынып, мектептерді жабдықтау мен қауіпсіздік шаралары да қатар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп. – Биыл

Толығырақ

Атырау облысында «Теңізшевройл» компаниясына 639 миллион теңге айыппұл салынды

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаны ластағаны үшін «Теңізшевройл» ЖШС-не 639,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды «Тілші» облыс прокуратурасына сілтеп. Прокуратураның мәліметінше, компания 2023 жылдың 3-4 тоқсандары мен 2024 жылдың 1-2 тоқсандары аралығында қоршаған ортаға рұқсат етілген нормадан асып кеткен 49,3 тонна ластаушы зат шығарған. Оның 4,9 тоннасы мүлдем экологиялық рұқсатсыз

Толығырақ

«Келіссөздер жүргізуге мүдделі емеспін»: Трамп Ресейге қойған ультиматум мерзімін қысқартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинадағы соғысты тоқтату туралы қойған талабын орындау мерзімін 50 күннен 10-12 күнге қысқартты. Ол бұл туралы Шотландияда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Тілші» bbc.com сайтына сілтеме жасап. «Президент Владимир Путиннен қатты көңілім қалды. Бұдан былай келіссөздер жүргізуге мүдделі емеспін», – деді Дональд Трамп. АҚШ

Толығырақ

«Туыстары мен жақындарын тағайындап жатыр»: Ақтөбелік дәрігерлер министрге хат жазды

Қарғалы қалалық ауруханасының қызметкерлері кадрлық өзгерістер мен емдеу орнындағы қысымды айтып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне арыз түсірді. Қазір арнайы комиссия құрылып, тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақтөбе қаласында орналасқан Қарғалы ауруханасында таяуда бас дәрігер өзгерді. Арада екі ай өткенде ұжым қызметкерлері шағым түсірді. Олар арызды ҚР Денсаулық сақтау министріне жазған. –

Толығырақ

Samsung Tesla-ға 16,5 млрд долларға заманауи чиптер жеткізбек

Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы америкалық Tesla-мен ірі келісімшартқа отырды. Келісім құны – 16,5 миллиард долларды құрайды, деп хабарлайды «Іскер Тілші» kapital.kz сайтына сілтеп. Келісім бойынша Samsung компаниясы Tesla электромобильдеріне арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа буын микрочиптерін (AI6) жеткізеді. Жеткізу 2033 жылдың соңына дейін жалғасады. Жаңа буын чиптерін Техас штатындағы Samsung-тің су жаңа

Толығырақ