Сот журналистердің ақпарат министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырмады
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты 9 журналистің мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы шағымын негізсіз деп тауып, қанағаттандырудан бас тартты. Олар министр Аида Балаева бекіткен «журналистерді аккредиттеу ережелеріндегі» кей тармақты жарамсыз деп тануды талап еткен. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. Журналистердің бірінші уәжі — мемлекеттік мекемелерден хабар тарату мақсатында тіркеу тәртібін реттейтін бұл ереже жарияланбай жатып

