Ақтөбеде су бұру арналарын салу жұмыстары аяқталуға жақын
Қаланың бірнеше ауданында, соның ішінде қалалық сүт зауыты, «Көктем» тұрғын алабы және «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымдарында жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Асхат Шахаров жобалардың іске асырылу барысын тексеріп, олардың ағымдағы жағдайын бағамдады. Өңір басшысы екі шақырымдық каналдағы абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын «Көктем» тұрғын алабында болды. «Кварц-Спецсервис» ЖШС мердігер ұйымы нысанды жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап

