Журналистер Ресей әскері Украинадағы соғыста кемінде 40,5 мың адамынан айырылғанын анықтады
Украинадағы соғыста Ресей кемінде 40 559 адамынан айырылды, деп жазды BBC-дің Орыс қызметі және «Медиазона». Бұл ашық дереккөздер арқылы аты-жөні анықталғандар. Соғыстан қаза болғандар кемінде 1,5-2 есе жоғары, дейді зерттеушілер. Журналист-зерттеушілер соңғы рет екі апта бұрын статистиканы жариялаған. Содан бері қайтыс болғандар тізіміне 1175 адамның аты-жөні қосылған. Арасында подполковник және одан да жоғары шені бар 5 офицер

