Мұғалжарлық кәсіпкерлер «Атамекен» басшылығы мен прокуратура өкілдері алдында өзекті мәселелерін көтерді
Ауыл кәсіпкерлерін көшпелі қабылдау Қандыағаш қаласында өтті, деп хабарлайды «Тілші» өңірлік кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. Шараға Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова, Мұғалжар аудандық прокурорының орынбасары Бауыржан Қали және Қандыағаш көлік прокурорының орынбасары Айбек Сағындықов қатысты. Кәсіпкерлер көтерген мәселелер субсидиялауға, несиелеуге, салық салуға және жер саласына қатысты болды. Мәселен, «Ғалымжан» шаруа қожалығының басшысы Исатай

