Қазақстаннан босқын мәртебесін сұраған екі қарақалпақ белсендісі қамаудан босап шықты

Өзбекстан сұрауы бойынша 2022 жылы Алматыда ұсталған қарақалпақ белсенділері — Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетов 13 қыркүйекте қамау мекемесінен босап шықты. Бұл жөнінде Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының мүшесі Ақылбек Мұратбай хабарлап, X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде олардың босаған сәтінен видео жариялады. Ақылбек Мұратбайдың Азаттыққа айтуынша, тура бір жыл бұрын қамалған екі қарақалпақ белсендісінің қамау мерзімі аяқталғандықтан

Толығырақ

Еуропарламент халықаралық сотты Лукашенконы тұтқындауға ордер шығаруға үндеді

13 қыркүйекте Еуропарламент Беларусьпен қарым-қатынас туралы резолюцияға дауыс берді. Құжатта Халықаралық қылмыстық істер жөніндегі сотқа бағытталған белорус басшысы Александр Лукашенконы тұтқындау жөнінде үндеу де бар. Баяндамада сонымен бірге Лукашенконың Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Украинадағы соғысқа қатысы бары айтылады. Бұл жөнінде Еуропарламент сайтында айтылған. Сәрсенбі күні күндіз шетелде жүрген белорус оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихановская Еуропарламентке үндеу жасаған. Ол

Толығырақ

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы құны 2,3 млрд теңге болатын келісімшартты тендерсіз жасаған

Көкшетау көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты түріндегі төтенше жағдайына сілтеме жасай отырып конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасу фактісін анықтаған. Бұл туралы ҚазАқпарат еліміздің бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, осы мәміле бойынша 2,3 млрд теңге сомасына «Жақсы-Есіл-Бұзылық» республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеу жүргізумен

Толығырақ

Қайрат Боранбаев құны 90 млрд теңгедан асатын активтерді мемлекетке қайтарды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді

Толығырақ

«ҚазМұнайГаз» және ЛУКОЙЛ өзара іс-қимылды нығайтады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Астрахань қаласында «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшылық құрамымен кездесті. Кездесуде ҚМГ мен «ЛУКОЙЛ» компанияларының Каспий теңізі қайраңында «Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов» бірлескен жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мұнай кен орындарының бірте-бірте сарқылуына және 2030 жылға қарай өндірілетін мұнай көлемінің азаюына байланысты

Толығырақ

KazakhExport және Euler Hermes ынтымақтастықты бастады

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және экспорттық кредиттерді сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшы Euler Hermes (Ойлер Гермес) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауданы қолдау және көтермелеу үшін ынтымақтастық негіздерін құруға, сондай-ақ экспорттық қаржыландыру саласындағы андеррайтинг және ынтымақтастық тәжірибесімен қызығушылық тудыратын өңірлер мен секторлар бойынша озық тәжірибе, ақпарат алмасу жолымен екіжақты

Толығырақ

Қазақстан «Медуза» сайты жетекшісінің телефонына Pegasus жұқтыруы мүмкін елдер қатарында аталды

«Медуза» сайтының негізін қалаушы және жетекшісі Галина Тимченконың телефонына жыл басында тыңшылық жасауға арналған Pegasus бағдарлама жұқққан. Бұл туралы басылымның өзі және Access Now коммерциялық емес ұйымы хабарлады. Мәліметке қарағанда, «Медуза» журналисі Лиза Тименконың телефонын Pegasus бағдарламасы бұзған. Мұндай вирус ресейлік журналиске қарсы алғаш рет қолданылып отыр. Pegasus бағдарламасын NSO Group израильдік компания дайындаған. Access

Толығырақ

Қырғызстанда тәуелсіз Kloop басылымын бұғаттау басталды

Қырғызстандағы интернет-провайдерлердің бірқатары Kloop.kg сайтын бұғаттады. Бұл туралы басылым сайтында хабарланды. Мәденет министрлігінің Kloop.kg сайтын шектеу жөніндегі талабын «О!» мобильді операторы мен Homeline провайдері орындады. Редакция сайты бұғатталып жатқанына қарамастан, мәдениет министрлігінің материалдарды өшіру туралы талабын орындамайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, Kloop.kg материалдарын сайт көшірмелерінен, басылымның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және VPN көмегімен оқуға болады. Бұның алдында

Толығырақ

Ресей полициясы актриса Лия Ахеджакованы «армия беделіне нұқсан келтіру» бабы бойынша тексеріп жатыр

Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу бойынша бас басқармасы «Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру» бабы бойынша актриса Лия Ахеджаковаға қатысты тексеріс бастады. Бұл жөнінде күштік құрылым өкілдеріне сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады. Тексеріс 27 маусымда Бремен қаласында (Германия) өткен «Мой внук Вениамин» атты қойылымнан түсірілген видеоға байланысты басталған. Видеода Ахеджакованың украин туымен сахнада тұрғаны көрінеді. Gazeta.ru сайтының

Толығырақ

Жаңаөзен тұрғындарына арналған су тұщыту зауытының құрылысы басталды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа су тұщыту зауытының құрылысын бастап берді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңаөзен қаласының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сай жүзеге асырылуда. Жаңаөзен қаласына ауыз су «Астрахань-Маңғыстау» су құбырымен Қиғаш өзенінен Жайық суын тасымалдау арқылы жеткізіледі. Бүгінгі таңда бұл –

Толығырақ