Ақтөбелік ТЖҚ қызметкері көмек сұраған әйелдің айқайын елемей, немқұрайлық танытты
Биылғы маусым айында Ақтөбеде болған қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 55 жастағы Клара Сұлтанбаева өз көлігін сатуға шығарып, қоңырау шалған сатып алушымен кездесуге барған. Осы кездесуден кейін ол байланысқа шықпай қалған. Бір күннен соң оның мәйіті орман алқабынан табылды, деп хабарлайды Ratel.kz. Полиция тергеу барысында күдіктіні ұстап, оның гаражынан Сұлтанбаеваның көлігін тапқан. Көлік орындығының астынан

