«Қазхром Дуатлон» шарасынан түскен 550 мың теңге бала еміне аударылды
Жыл сайынғы турнирдің ұйымдастырушылары – Ақтөбе облысының Триатлон федерациясы мен ERG Sport. Ақтөбе қалалық әкімдігі мен полиция департаментінің қолдауымен өткен шараның бас демеушісі – «Қазхром»ТҰК» АҚ. Биыл қатысушыларға ақылы тіркелу ұсынылды. Бұл жаңашылдық спортшыларға да ұнаған секілді. Неге десеңіз, мультиспорттық шараларға ақылы түрде қатысу – халықаралық тәжірибе. «Қазхромда» жұмыс істейтіндер үшін жарнаның 90%-ын компания өтеді.

