Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тапты
Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол апаты үш адамның өмірін жалмады. Қаза болғандардың ішінде мектеп оқушысы бар, деп хабарлайды «Тілші». Қайғылы оқиға 17 тамыз күні Бестамақ ауылының тұсында болды. Ақтөбе облысының полиция департаменті үш адам қаза болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. — 17 тамызда сағат 16:20 шамасында ВАЗ-2115 пен ГАЗель көлігінің қатысуымен жол-көлік

