Жаңаөзен тұрғындарына арналған су тұщыту зауытының құрылысы басталды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа су тұщыту зауытының құрылысын бастап берді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңаөзен қаласының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сай жүзеге асырылуда. Жаңаөзен қаласына ауыз су «Астрахань-Маңғыстау» су құбырымен Қиғаш өзенінен Жайық суын тасымалдау арқылы жеткізіледі. Бүгінгі таңда бұл –

