Қаңтардан соң заңсыз істі болған Ақтөбе тұрғыны мемлекеттен 3,5 млн теңге өндіріп алды
31 тамызда Ақтөбе соты Қаңтар оқиғасынан соң заңсыз қудаланған Асланбек Омаровқа 3,5 млн тг өндіріп беру туралы шешім шығарды. Осылайша сот оның талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешіміне қанағаттанбаған Омаров дегенмен апелляция алқасына жүгінбейтінін де айтты. – 3 млн теңге – бұл моральдық шығын, 500 мыңы – адвокатқа кеткен шығын деп [беріп отыр]. Бірақ бұл мені

